Модерациялау қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1 ikomek.city веб-сайты (бұдан әрі – Сайт) – азаматтардың өтініштерін қабылдауға және өңдеуге арналған қаланың порталы.

1.2 ikomek.city веб-сайтының модерация саясаты (бұдан әрі – Модерация саясаты) сайт Әкімшілігі тарапынан өтініштерді беру және қарау процесі қатысушыларының қызметін регламенттеу мақсатында әзірленді.

1.3. Модерация саясаты материалдарды (бұдан әрі – «Контент») Сайтта орналастыруға қатысты Сайттың барлық Пайдаланушылары міндетті түрде орындауы тиіс бірқатар қағидаларды қамтиды. Қағидалар сондай-ақ құқықтары мен мүдделері Сайт пайдаланушылары қызметінің нәтижесінде қамтылуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға қолданылады.

1.4. Модерация саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде https://ikomek.city/policy мекенжайы бойынша орналасады. Бұл редакция Сайт әкімшілігі тарапынан Сайт Пайдаланушыларын алдын ала ескертусіз өзгертіле және/немесе толықтырыла алады. Модерация туралы ережеге толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізілгеннен кейін Сайт шеңберінде Пайдаланушының қызметін жалғастыруы Сайттың жаңа қағидаларымен Пайдаланушының келісімін білдіреді.

2-бөлім. Негізгі мақсаттар

2.1 Сайтта контентті орналастырудың тәртібі мен ерекшеліктерін анықтайтын бірыңғай қағидалар жиынтығын бекіту.

2.2 Сайтты пайдаланушылардың Сайтта орналасатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты жол беретін бұзушылықтарының ықтимал типтерін құрылымдау.

2.3 Модератордың әрекеттерін белсенді қылатын "Ұнамсыз" және "Тыйым салынған контент" түсініктерінің мағынасын ашу.

3-бөлім. Қағидалар

Азаматтардың аталған сайт арқылы келіп түскен барлық өтініштері модерациядан өтуге жатады.

3.1 Ұнамсыз және тыйым салынған контент ретінде Пайдаланушы Сайтты пайдаланған кезде жүктеген және келесі сипаттамаларға ие ақпарат түсініледі:

  • әдепсіз, дөрекі болып саналатын, порнографиялық сипатқа ие;
  • ішінде балағат, дөрекі сөздер болатын, орыс немесе қазақ тілдерінің тазалығын бұзатын
  • ар-намыс пен абыройға және іскерлік беделге кір келтіретін, беделді түсіретін, қорлайтын, қауіп-қатер төндіретін, жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзатын және Сайттың басқа да Пайдаланушыларының және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын
  • жануарларға зорлық, дөрекілік көрсету көріністері бар, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын немесе қылмыстық әрекеттерді жасауға итермелейтін
  • ұлтаралық өшпенділікті немесе қастастықты (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) қоздыруға ықпал ететін, фашизмді немесе өзге де экстремистік идеологияларды насихаттайтын
  • есірткі және темекі туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтитын, өмірге төнетін қауіпті және қолданудың қауіпті салдарларын жасыратын
  • спам болып саналатын ақпарат, яғни басқа Пайдаланушылардың келісімі алынбаған коммерциялық, саяси немесе өзге де жарнамалық ақпараттың жаппай таратылуы
  • Сайтты Пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын өзге де тәсілдермен бұзатын

3.2 Модератор Пайдаланушылардың Сайтта орналастырған барлық материалдарын модерациядан өткізуге, яғни осы материалдардың мазмұны мен сапасын қадағалауға құқылы және қажет болған жағдайда, өз қарауы бойынша, ескертусіз және себептерін түсіндірусіз оларды жоюға және орындарын ауыстыруға құқылы.

3.3 Іс-әрекеті Сайт шеңберінде аталған қағидаларға қайшы келетін Пайдаланушыға әсер ету шарасы Модератордың қарауы бойынша анықталады және Сайтты Пайдаланушыны алдын ала немесе кейіннен ескертпестен, ұнамсыз/тыйым салынған контентті жасыруды немесе жоюды көздеуі мүмкін.

4-бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

4.1. Сайтта тіркелген кезде Пайдаланушы Сайтты пайдаланумен және оның жұмыс істеуімен байланысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдай отырып, Құпиялылық саясатымен танысуға міндетті (жекелей алғанда, осы Модерация саясатына баса аудару қажет).

4.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы өтініштер жасау, өтініштерді жариялау және Сайт ішіндегі ақпараттық кеңістікті жеке коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

4.3. Пайдаланушы Құпиялылық Саясатына, Модерация саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Сайттың аталған бөлімдерінде контентті құрумен, орналастырумен, сақтаумен және жіберумен байланысты өзінің барлық әрекеттері үшін толығымен жауапты болады.

4.4 Егер Сіз Сайтта дербес деректеріңізді веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу секілді әдістерді пайдалана отырып ұсынуды шешсеңіз, ақпарат Сіз берген өтінішті шешуге көмектесу үшін немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады. Қажетті деректер сіздің сұратуларыңызды қанағаттандыру үшін басқа да мемлекеттік мекемелерге ұсынылуы мүмкін. Сіздің дербес деректеріңіз қандай да бір үшінші тұлғалардың сіздің өтінішіңізді шешуге қатысуы жағдайларын есепке алмағанда, басқа үшінші тұлғаларға берілмейді.