Дербес деректерді жинау, өңдеу және беру саясат

1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1 Осы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) дербес деректерді жинау, өңдеу және беру саясаты (бұдан әрі – Саясат) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

1.2 Осы Саясат дербес деректерді жинау, өңдеу және беру кезінде дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында дербес деректерді жинау, өңдеу және беру тәртібін және Кәсіпорында құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

1.3. Осы Саясатта келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Дербес деректерді жинау, өңдеу және беру – дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді, толықтыруды), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қолжетімділікті), бұғаттауды, өшіру, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректермен жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы;
  • Дербес деректер (ДД) – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;
  • Дербес деректерді беру – белгілі бір тұлғаға немесе белгілі бір тұлғалар тобына дербес деректерді ашуға бағытталған іс-әрекеттер;
  • Дербес деректердi тарату – жасалуы нәтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін немесе қандай да бiр өзгеше тәсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер;
  • Дербес деректердi жою – жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
  • Өтініш беруші – Кәсіпорынның атына жазбаша, ауызша немесе электрондық өтініш, ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе үн қосу жолдаған жеке немесе заңды тұлға не олардың уәкілетті өкілі.

1.4. Дербес деректерді жинау, өңдеу және берудің мақсаты Кәсіпорынның қоңырауларды қабылдауы, тіркеуі және өңдеуі, тұрғындардан ақпараттық жүйеде, оның ішінде Кәсіпорынның ақпараттық ресурстары – сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымша, чат-бот және жалпыға қолжетімді байланыс арналары арқылы өтініштерді тіркеуі болып табылады.

2-бөлім. 2. Дербес деректерді жинау, өңдеу және беру қағидалары

2.1 Кәсіпорында дербес деректерді жинау, өңдеу және беру келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:

  • дербес деректерді жинау, өңдеу және беру заңды және әділ түрде жүзеге асырылады;
  • дербес деректерді жинау, өңдеу және беру нақты, алдын ала белгіленген және заңды мақсаттарға қол жеткізілуімен шектеледі;
  • тек жинау, өңдеу және беру мақсаттарына сай келетін дербес деректер ғана жиналады, өңделеді және беріледі;
  • өңделетін дербес деректердің мазмұны мен көлемі белгіленген жинау және өңдеу мақсаттарына сәйкес келеді;
  • дербес деректерді жинау, өңдеу және беру барысында дербес деректердің дәлдігі, олардың жеткіліктілігі, қажет болған жағдайда дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын толық емес немесе дәл емес деректерді жою немесе нақтылау бойынша қажетті шаралар қабылдайды немесе олардың қабылдануын қамтамасыз етеді;
  • дербес деректерді сақтау мерзімі Заңмен, дербес деректер субъектісі тарабы болып табылатын шартпен белгіленбесе, дербес деректерді сақтау дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаты талап ететіннен аспайтын мерзімде дербес деректер субъектісіе анықтауға мүмкіндік беретін нысанда жүзеге асырылады.

3-бөлім. Дербес деректерді жинау және өңдеу субъектілері

3.1 Кәсіпорын дербес деректер субъектілерінің төмендегідей санаттарының дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асырады:

  • жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, сондай-ақ шет мемлекет азаматтары болып табылатын);
  • заңды тұлғалар (қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ұйымдар болып табылатын);
  • ҚР заңнамасымен қарастырылған басқа да тұлғалар.

4-бөлім. 4. Дербес деректерді жинау, өңдеу және беру шарттары

4.1. Кәсіпорын дербес деректерді жинауды, өңдеуді және беруді Өтініш берушілер Кәсіпорынның ақпараттық ресурстарын – сайттарды, әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшаны, чат-боттарды, оның ішінде өтініш берушілер өтініштер, ұсыныстар, өтініштер, шағымдар, сұрау салулар немесе пікірлер қалдырған кезде басқа да жалпыға қолжетімді байланыс арналарын пайдаланған кезде жүзеге асырады және Өтініш берушінің Кәсіпорынның осы саясатымен сөзсіз келісімі болып табылады.

5-бөлім. Дербес деректерді беру

5.1. Өтініш берушінің (дербес деректер субъектісі) өз дербес деректерін Кәсіпорынға беруі Өтініш берушінің дербес деректерін Кәсіпорынның жинауына, өңдеуіне және үшінші тұлғаларға беруіне (ашуына) ерікті түрдегі келісімі болып табылады, олар үшінші тұлғалар тарапынан тек Өтініш берушінің өтініштер қарау және қанағаттандыру үшін пайдаланылуы тиіс.

5.2. Кәсіпорын және оның қызметкерлері Өтініш берушінің өтінішін жан-жақты және толық қарау мақсатында Өтініш берушінің дербес деректерін Өтініш берушінің өтінішін шешуге қатысатын үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

6-бөлім. Жауапкершілік

6.1. Кәсіпорын қызметкерлері Өтініш берушінің дербес деректерін үшінші тұлғаларға бергеннен (ашқаннан) кейін Өтініш берушінің өтінішін жан-жақты және толық қарау мақсатында олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жауапты болмайды.

6.2. Өтініш берушінің өтінішін қарау және қанағаттандыру үшін Кәсіпорыннан оның дербес деректерін алған тұлғалар Заңға сәйкес олардың сақталуы мен құпиялылығы үшін дербес жауапты болады.

7-бөлім. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Саясат жылына 1 (бір) рет немесе дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда қайта қаралады.

7.2. Кәсіпорын осы Саясатты https://www.ikomekastana.kz, https://www.ikomek.city.kz мекенжайлары бойынша орналасқан Кәсіпорынның ресми сайтына жариялау арқылы осы Саясатқа шектеусіз қолжетімділік ұсынады.